Ауа райына байланысты Қарағандыдағы екі жолда қозғалыс шектелді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
тасжол
Ауа райына байланысты Қарағандыдағы екі жолда қозғалыс шектелді / Фото: Shutterstock

Қарағанды облысында ауа райының бұзылуы мен жауған қар жол қозғалысын қиындатты. Осыған байланысты аймақты көршілес облыстармен байланыстыратын республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 23 қазан сағат 21:00-ден бастап жазғы дөңгелекпен жүрген автокөліктер үшін қозғалыс шектеледі.

Ауа райының нашарлауы, қардың жаууы және ауа температурасының -3 °C-тан төмендеуіне байланысты мына жол учаскелері жабылды:

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы – 1066–1135 шақырым аралығы (Молодежный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін);
  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолы – 231–324 шақырым аралығы (Ботақара кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін).

Осы бағыттар бойынша жолға шығуды жоспарлаған жүргізушілерге енгізілген шектеулер мен жол жағдайын ескеру ескертіледі.

Айта кетейік, осыған дейін 24 және 26 қазанда Қарағанды облысында қар аралас жауын болатыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз