
Әнші Нұрлан Еспанов той үстінде өзіне егіз қозыдай ұқсайтын сыңарын тауып алып, қатты қуанды , деп хабарлайды Kursiv.Media.
Өзінен жасы кіші болғанымен, оның түр-тұлғасы да, тіпті, шаш қою үлгісі де қатты ұқсайтынына әншінің өзі таңырқады.
«Егізімнің сыңарын тауып алдым, ұқсай ма? Ұқсаса, жазыңыздар. Екеуміз де музыкантпыз», – деді әнші.
Нұрлан Еспановқа ұқсайтын бейтаныс жігіт те күліп, әншіні «туған ағам» деп атап, күліп амандасты.
Нұрлан Еспанов үлгермей жатқан жерлеріне өзінен аумайтын сыңарын жіберуге болатынын айтып, әзілдеді.
Оқырмандар ұқсастық бар екенін айтып жатыр. «Туған шешелеріңіз де ажырата алмайтын шығар», -деп пікір білдіргендер де бар.
Айта кететін жайт, Нұрлан Еспанов мұның алдында әнші Өмірқұл Айниязов пен Серік Ибрагимовтың сахнаға киетін костюмдерін келеке еткен еді.