Қырғызстанда «Студенттік несие» бағдарламасы іске қосылады
Жарияланды

Қырғызстанда жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру мақсатында жақын арада «Студенттік кредит» атты ұзақ мерзімді қаржылық тетік іске қосылады. Бұл туралы ел Президенті Садыр Жапаров әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған республикалық кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Жиында мемлекет басшысы білім беру мен ғылымды дамытудың басым бағыттарына тоқталды:
- Техникалық мамандықтар: ЖОО-ларда кибернетика, инженерия, техникалық және іргелі ғылымдарға басымдық беріледі.
- Халықаралық деңгей: Әлемнің жетекші университеттерімен қос дипломды бағдарламалар дамытылып, халықаралық жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады.
- Кадрлар мен ғылым: Шетелдік және отандық жоғары білікті мамандарды тартып, оларға баспана мен зерттеулерді қаржыландыру жағдайлары жасалады.
Президенттің айтуынша, жаңа оқу бағдарламалары жұмыс берушілердің талаптарына сай жасалып, практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталатын болады.
Айта кетейік, осыған дейін Қырғызстан қант импортына алты айға тыйым салуды жоспарлап отырғанын жазған едік.