Республика күніне орай ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Қазақстанда Республика күніне байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар 26 қазанда жұмыс істемейді, деп хабарлайды Kursiv.Media «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
26 қазан күні елде Республика күні атап өтіледі. Кезекші және арнайы орталықтар қазақстандықтарды 24 қазанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Орталықтар өз жұмысын 27 қазанда қайта бастайды.
Айта кетейік, елде Республика күні 25 қазанда атап өтіледі. Биыл бұл мереке жексенбіге сәйкес келетіндіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылды. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындары 24, 25 және 26 қазанда демалады.