Шетелдік инвесторға бөтен компанияның қарызын төлетпек болған

Ұлытау облысындағы «Үлкен Қытай» кенішінде темір мен марганец өндіретін инвестициялық жоба бюрократия кесірінен тоқтап қала жаздаған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы компанияның қарызы жаңа швейцариялық инвесторға заңсыз жүктелмек болған. Іске прокуратура араласып, әкімшілік кедергі жойылып, инвестордың құқықтары қалпына келтірілген.
«Сарыарка-IRON» ЖШС «Үлкен Қытай» кенішінде құны 2,5 млрд теңгелік темір-марганец кендерін өндіру жобасын қолға алған.
Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен инвесторға жер учаскесі қайтарылып, жер қойнауын пайдалану келісімшарты қалпына келтірілді.
Алайда бұрынғы компанияның 23 миллион теңге көлеміндегі салық берешегіне байланысты туындаған шектеу жер учаскесін толық көлемде рәсімдеуге мүмкіндік бермеді. Жаңа инвестордың борышқа еш қатысы болмаса да, қарызды содан өндіріп алмақ болған.
«Сарыарка-IRON» ЖШС «Ринком» басқарушы компаниясына тиесілі, ал оның иесі — швейцариялық «Orjel E.R.Z. AG» компаниясы.
Бұған дейін миллионердің 1,3 млрд теңге инвестициялық жобасы тоқтап қала жаздаған.
Елорда прокуратурасыны жедел араласуы «Orbis Heavy Machinery» компаниясына 1,3 млрд теңге тұратын жобасын жалғастыруға көмектескен.