Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады / Фото: Ақорда

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангпен кездесті.

Президент цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуды ұлттық басымдық деп атап, биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланғанын еске салды. Ол NVIDIA-ның отандық ЖИ экожүйесін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

«NVIDIA компаниясымен ықпалдастыққа соны серпін беру тұрғысынан сапарыңыздың мәні зор. Серіктестігімізді нығайту жолындағы және Қазақстанның игілігі үшін атқарып жатқан еңбегіңізге алғыс айтқым келеді», – деді Мемлекет басшысы.

Тараптар NVIDIA мен Қазақстанның алғашқы технологиялық біртұтас мүйіздісі саналатын Higgsfield компаниясы арасындағы әріптестікті талқылады.

NVIDIA басшысы Қазақстанды ЖИ елі ретінде өркендету стратегиясын қолдап, елімізді Physical AI әлемдік хабына айналдыруды ұсынды. Ол компанияның «Қазақтелеком» және Firebird AI KZ Ltd компанияларымен серіктестігі нәтижелі болғанын атап өтті.

«Жасанды интеллектіні дамыту үшін, ең алдымен, мол қуат көзі, сондай-ақ ғылым, математика мен технология салаларында білім-білігі жоғары мамандар керек. Осы бағыттардың әрқайсысын дамытуға Қазақстанның әлеуеті жеткілікті», – деді Дженсен Хуанг.

Сондай-ақ оқыңыз