Жәрдемақыға қатысты тағы қандай өзгеріс болады – министрлік жауабы

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
безработица
shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Қазақстандықтар «Отбасының цифрлық картасы» негізінде жаңа жылдан бастап бес санатқа бөлінеді. «А» және «В» санатына ауқаттылар жатады, «С» санаты – орта класс деп есептеледі, «Д» және «Е» санатына көмекке аса мұқтаж отбасылар кіреді. KursivMedia тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ресми сауал жолдап, азаматтарды санатқа бөлуге не себеп болғанын және тағы қандай өзгеріс болатынын сұрады.

Министрліктің хабарлауынша, азаматтарды санатқа бөлу халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жақсару үшін енгізілген. Мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді кімнің алып жатқаны ашық көрсетуге бағытталған деп түсіндірді.

«Бұл тәсіл азаматтар мен отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай әлеуметтік қолдау көрсетіп, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған», – деп жауап берді министрлік.

Жәрдемақы тағайындау және оның мөлшері туралы шешім қабылданар кезде бюджет мүмкіндіктері ескеріледі. Осылайша жергілікті деңгейде берілетін әлеуметтік қолдау шаралары да өзгеруі мүмкін.

«…Жергілікті деңгейде көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың жекелеген шараларын өзгерту тәсілдері, оның ішінде оларды жүйелеу және біріктіру арқылы өзгерту тәсілдері қарастырылып жатыр», – деп жауап берді еңбек министрлігі.

Айта кетейік, 2027 жылдан бастап кей адам жәрдемақының 14 түрінен қағылады. Оның ішінде бала туғанда берілетін бір реттік төлем, бала бір жарым жасқа толғанша берілетін жәрдемақы, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы да бар. Толығырақ мына жерден біле аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз