Алматы мен Астанадан Оманға тікелей рейстер ашылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Air Astana
Фото: Shutterstock

Астанада Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе қатынасы ашылды. Рейсті «Air Astana» әуе компаниясы орындайды.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Астана – Салала (Оман Сұлтандығы) бағытындағы рейстер Airbus A320 ұшағымен орындалады. 24 қазандағы алғашқы рейспен 140 жолаушы ұшқан. 23 қазанда Алматыдан рейс орындалған.

Алматыдан ұшақтар аптасына бір рет, жұма күндері ұшады. Ал Астана – Салала бағыты бойынша рейстер сенбі күндері орындалады. 

Бұдан бөлек Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасы SalamAir әуе компаниясының Алматы – Маскат бағыты бойынша да жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетейік, 2026 жылдың 6 қазанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид кездесті. Сол кездесуде екі елдің үкіметі  әуе қатынасы туралы келісімге қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз