Атырауда пәтер ішінен шенеуніктің мәйіті табылды
Жарияланды

Атырауда шенеуніктің мәйіті өзі тұрған үйден табылды. Бұл туралы жергілікті «Ақ жайық» сайты жазды.
Редакцияның хабарлауынша, 18 қазанда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Бауыржан Асаиновтың мәйіті пәтер ішінен табылған. Мәйіт пәтер ішінде екі апта жатқан болуы мүмкін.
Асаинов департамент басшысы қызметін 2023 жылдан бері атқарған.
KursivMedia Атырау облысы полиция департаментіне жағдайға қатысты ақпарат сұрады.