Президент NVIDIA компаниясының басшысына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының басшысы Дженсен Хуангқа алғыс айтты. Президент Тоқаев Дженсен Хуангтың идеялары мен кеңестері Қазақстан үшін практикалық маңызға ие екенін жазды.
«Қазақстан экономикасында, әсіресе ауыл шаруашылығында жасанды интеллектіні дамыту және оны іс жүзінде қолдану мәселелеріне арналған Ақордадағы нәтижелі кездесу мен талқылаулар үшін Дженсен Хуангқа алғыс айтамын. Идея мен кеңестеріңіздің біз үшін практикалық маңызы зор», – деп жазды президент X әлеуметтік желісінде.
I thank @JensenHuang for a productive meeting and discussions at Akorda on advancing AI and its practical applications in Kazakhstan’s economy, particularly in agriculture. Your insights and advice are of great practical value to us. https://t.co/6bgbe3toSN
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) October 24, 2026
Айта кетейік, Ақордадағы кездесуде NVIDIA басшысы Қазақстанды ЖИ елі ретінде өркендету стратегиясын қолдап, елімізді Physical AI әлемдік хабына айналдыруды ұсынды. Ол компанияның «Қазақтелеком» және Firebird AI KZ Ltd компанияларымен серіктестігі нәтижелі болғанын атап өтті.