Қарағандыда бес бала өрттен құтқарылды
Жарияланды

Қарағандыда төтенше жағдайлар қызметкерлері 15 адамды құтқарды.
Қаланың Мамыраев шағын ауданында 9 қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Пәтерде жиһаз бен үй заттары өртенген.
Құтқарушылар оқиға орнынан 8 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды. Сонымен қатар 7 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды.
Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, 22 қазанда Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алды.