Астанада Шерхан Мұртаза көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Жарияланды

Астанада Шерхан Мұртаза көшесінің бір бөлігіндегі қозғалыс 3 қарашаға дейін шектеледі. Бұл туралы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады.
«Жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты 26 қазан мен 3 қараша аралығында Шерхан Мұртаза көшесінің Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігі көлік қозғалысына толық жабылады», – делінген хабарламада.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеру ұсынылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін жөндеу жүргізілетін аумаққа уақытша жол белгілері мен бағыттағыш көрсеткіштер орнатылады.