Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты. Салтанатты шара Астанадағы Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда өтті.

Фото: Ақорда

Алдымен Құрмет қарауылы ротасының бастығы Президентке рапорт берді. Одан кейін Мемлекеттік ту көтеріліп, Қазақстанның Әнұраны орындалды.

Мемлекеттік туды көтеру рәсімі еліміздің барлық өңірінде жалғасады.

Фото: Ақорда

Еске салайық, мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл мерекенің қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын бейнелейтінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз