Республика күніне орай тауарлар 50%-ға дейін арзандады: дүкендер тізімі

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Республика күніне орай Қазақстанда бірқатар тауар 50%-ға дейін арзандады. Republic Day және Bereke Fest мерекелік науқандары еліміздің барлық 20 өңірін қамтиды. Акциялар 27 қазанды қоса алғанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Kursiv.media..

Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңілдік науқандарына 649 сауда нысаны қосылған. Арнайы ұсыныстар сауда орындарында да, онлайн платформаларда да қолжетімді.

Republic Day науқаны аясында 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі жеңілдіктер ұсынып отыр. Ал Bereke Fest акциясына сауда желілерінің 417 дүкені қатысады.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға арнайы ұсыныстар жасалған. Алайда 50%-ға дейінгі жеңілдік барлық тауарға емес, жекелеген өнімдерге ғана қолданылады.

Дүкендердің мекенжайларын қайдан білуге болады

Акцияға қатысатын сауда орындарының тізімі мен мекенжайлары әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында жарияланған. Сатып алушылар өз өңірін таңдап, мерекелік жеңілдіктерге қай дүкендер қатысатынын тексере алады.

Қазақстан өңірлері бойынша жеңілдік ұсынатын дүкендердің мекенжайлары:

Republic Day және Bereke Fest мерекелік акциялары 2026 жылғы 27 қазанда аяқталады.

Тағы да оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Сондай-ақ оқыңыз