Алматы тауларында адасқан екі жасөспірім құтқарылды

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
Горы. фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай
Алматы тауларында жоғалған жасөспірімдер аман-есен табылды / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Алматыдағы Фурманов шыңы маңында адасып кеткен екі жасөспірімге құтқарушылар көмек көрсетті, деп жазады Kursiv.Media. Тауда бағытынан жаңылған балалар өздігінен төмен түсе алмаған.

Оқиға түнгі уақытта болған. Таңертең тауға шыққан жасөспірімдер кері қайтар жолды таба алмай, анасына хабарласқан. Осыдан кейін олардың орналасқан жерін анықтаған ТЖМ Республикалық құтқару қызметінің «Барыс» жасағы іздестіру жұмыстарына кірісті.

Құтқарушылар балаларды тауып, қауіпсіз жерге алып түсті. Жасөспірімдердің жағдайы жақсы болғандықтан, медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқару жұмыстары аяқталған соң балалар Қимасар шатқалындағы алғашқы бақылау-өткізу бекетіне жеткізіліп, ата-аналарына тапсырылды.

Бұған дейін құтқарушылар төбесі құлаған тұрғын үйдің астында қалған адамға көмек көрсеткен.

Сондай-ақ оқыңыз