Рафаэль Уразбахтин «Қайраттан» кетті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттан» кетті/фото: «Қайрат» ФК

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кетуге шешім қабылдады. Клуб басшылығы оның шешімін қабылдап, өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Рафаэль Радикович 2024 жылғы қыркүйекте негізгі команданың бас бапкері атанып, алғашқы маусымының қорытындысы бойынша сары-қараларды Қазақстан чемпионы атандырды.

2025 жылы оның жетекшілігімен «Қайрат» Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғады және клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Ал 2026 жылғы маусымда команда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Бас бапкердің міндетін бұған дейін «Қайрат-Жастарды» басқарған Жора Арутюнян атқарады. Оның жетекшілігімен команда «Алтайға» қарсы алдағы матчқа дайындалады.

Сондай-ақ оқыңыз