Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Казахстанец Багдат Сабаз победил Хасрата Джафарова и завоевал бронзовую медаль чемпионата мира по борьбе в Астане.
Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды / Фото: Спорт даму қоры

Астанадағы «Барыс Аренада» өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Бағдат Сабаз (67 келі) пьедесталдың үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Kursiv Media.

Жарыстың қола жүлдесі үшін өткен белдесуде отандасымыз Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің екі дүркін вице-чемпионы әзербайжандық Хасрат Джафаровты 8:5 есебімен тізе бүктірді.

Ширек финалда ирандық әлем чемпионы Саид Эсмаилиге есе жіберіп алған Бағдат, жұбаныш белдесуінде бағын сынады. Бүгін ол Қытай балуаны Цзинь Синьсинді (8:5) жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Қазақстан құрамасының басқа да нәтижелері:

  • Бұл – ел құрамасының грек-рим күресінен қоржынына түскен үшінші қола медаль. Бұған дейін Исхар Курбаев (55 кг) пен Айдос Сұлтанғали (60 кг) де үшінші орын алған еді.
  • Өзге салмақтағы Мейрамбек Айнағұлов, Нұрсұлтан Тұрсынов пен Олжас Сырлыбай жүлделі орындарға жете алмады.
  • Сондай-ақ, бүгін әйелдер күресінен Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимова қола жүлде үшін белдеседі.

Айта кетейік, 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтіп жатқан әлем чемпионатына 100-ге жуық елден 900-ге тарта спортшы қатысуда.

Сондай-ақ оқыңыз