Президент жолдауын жариялағаннан кейін Түркияға барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28-30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
«Мемлекет басшысы президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді», – деп жазды Смадияров.
Сондай-ақ президент Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.
Бұған дейін президент 28 қазанда түске дейін Қазақстан халқына жолдауын жариялайтынын жазды.
«28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын», – деп жазды президент әлеуметтік желідегі парақшасында.
28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын. Планирую выступить с ежегодным Посланием народу Казахстана 28 октября в первой половине дня. Работаю над текстом данного важного документа.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) October 20, 2026
Алайда қазірге дейін жолдаудың нақты уақыты хабарланбады.