Қытай инвесторына тиесілі компания Ақмола облысында алтын іздейді

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

«Kazakhstan Atasu Mining Co., LTD» компаниясы Ақмола облысы Бұланды ауданындағы «Атасу» учаскесінде алтын іздейді. Бұл туралы Qazba порталы хабарлайды.

Жоба аясында аумақтың геологиялық құрылысы зерттеліп, қатты пайдалы қазбалардың қоры анықталады.

Компания 26,6 шаршы шақырымды құрайтын аумақты 2026 жылғы 22 шілдеде алды. Жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші жылы жобалау, іздеу бағыттары мен тау-кен жұмыстары орындалады.

Алғашқы қажеттілікке қарай геофизикалық және геохимиялық зерттеу, топографо-геодезиялық жұмыс пен зертханалық талдау жүргізіледі. Одан кейінгі жылдары геобарлаудың салдарын жою жұмыстары жоспарланған.

eGov дерегі бойынша, «Kazakhstan Atasu Mining Co., LTD» компаниясы 2026 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында тіркелген, «Kazakhstan Saryarka Mining Co. Ltd.-ға» тиесілі. Kazakhstan Saryarka Mining Co. Ltd де «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген, оның жалғыз иесі әрі басшысы – Ли Вейвей.

Бұған дейін қазақстандық компания Ақтөбе облысында алтын мен вольфрам іздейтіні хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз