Ерекше балаларға арналған мектеп дауынан кейін Тоқаев салаға назар аударды тапсырды

Жыл сайынғы жолдауында Тоқаев ерекше балаларға арналған инфрақұрылым мәселесіне назар аударды деп жазады Kursiv Media.
«Өкінішке қарай, соңғы жылдарда ерекше қажеттілігі бар балалардың саны арта түсуде. Сондықтан Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы салаға қатысты инфрақұрылымды дамытуға тиіс. Ауқымды құрылысты жүргізу кезінде бұл бағыт назардан тыс қалмауы қажет», – деді ол сөзінде.
Тоқаев маман тапшылығын азайтып, ерекше қажеттілігі бар балалардың диагнозын ерте жастан анықтау жұмысы да жүйелі түрде жүргізілуі керек деген тапсырма берді. Осы жұмысқа «Қазақстан халқына» қорын белсенді қатысуға шақырды.
Қазір еліміз бойынша инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Бірақ оларға қажетті арнайы білім ошақтары жетпейтіні рас.
Осы айда Алматыда ерекше балалар оқитын мектеп айналасында үлкен дау шықты. Алматы әкімдігі құжаттары дұрыс емес екенін алға тартып, «Педагогтер академиясы» білім орталығына мемлекеттік тапсырыс берілмейтінін мәлімдеді. Ол мектепте 200-ге жуық бала оқып жүр. Әкімдік шешімінен кейін ата-аналар наразылық білдіріп, президентке үндеу жолдайтындарын айтқан еді.
Оқи отырыңыз: Заң талабы мен бала мүддесі: Алматыда 200 ерекше бала мектепсіз қалуы мүмкін