Glencore екі айдың ішінде «Қазцинкті» Шахмұрат Мүтәліпке сатуы мүмкін

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Glencore екі айдың ішінді «Қазцинкті» Шахмұрат Мүтәліпке сатуы мүмкін
Glencore екі айдың ішінді «Қазцинкті» Шахмұрат Мүтәліпке сатуы мүмкін / Glencore екі айдың ішінді «Қазцинкті» Шахмұрат Мүтәліпке сатуы мүмкінфото: Kazzinc.com

Швейцариялық Glencore тау-кен өндіру тобы қазақстандық цинк пен алтын өндіруші «Қазцинк» акцияларының бақылау пакетін сату бойынша соңғы шешімді алдағы екі айда қабылдайды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Finmentor Telegram-арнасының дерегіне қарағанда, Glencore компаниясының басшысы Гэри Нэгл Goldman Sachs ұйымдастырған жабық конференцияда отандық инвестормен келіссөздер жалғасып жатқанын айтқан.

Оның сөзінше, мәміле бойынша соңғы шешім 2026 жылдың соңына дейін қабылданады деп күтілуде. Сарапшылардың бағалауынша, активтер пакетінің құны 5 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, тараптар әлі де түпкілікті келісімге келген жоқ.

Ықтимал сатып алушы ретінде қазақстандық кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліптің есімі аталды. Ақпан айында Bloomberg агенттігі де Glencore компаниясы «Қазцинк» ЖШС-ндегі 70 пайыздық үлесін дәл осы кәсіпкерге сатуды талқылап жатқанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ нарықта KazZinc Group Ltd. және Central Asia Resources Holding Ltd. жаңа компанияларының тіркелгені туралы ақпарат тарады.

Сонымен бірге Glencore АҚШ үкіметінің қатысуымен құрылған Orion CMC тобына Конго Демократиялық Республикасындағы активтерінің 40% үлесін сатуды талқылап жатыр. Қарызды есепке алғанда, бұл активтердің құны шамамен 9 млрд долларға бағаланады. Бұдан бөлек, компания өзінің 16% үлесі бар Bunge Global агроөнеркәсіптік тобының капиталынан шығуды көздеп отыр.

Портфельді қайта қарау аясында Glencore 2026 жылдың қорытындысы бойынша сауда операцияларынан 5 млрд доллардан астам пайда табуды жоспарлайды. Бұл – рекордтық 2022 жылдан кейінгі компания тарихындағы екінші ең жоғары көрсеткіш. Нэглдің бағалауынша, 2027 жыл акционерлерге төленетін төлемдер тұрғысынан ерекше табысты болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз