Президент «Балқаш» АЭС құрылысын келесі жылы бастауды ұсынды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Президент «Балқаш» АЭС құрылысын келесі жылы бастауды ұсынды
Президент «Балқаш» АЭС құрылысын келесі жылы бастауды ұсынды / фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «Балқаш» АЭС құрылысы 2027 жылы басталу керек екенін айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

«Келесі жылы-ақ «Балқаш» АЭС құрылысын бастауды және «Мойынқұм» АЭС құрылысын барынша тезірек бастау мақсатында кешенді ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды мүмкін әрі қажет деп санаймын», – деді президент.

Құрылысқа қатысатын шетелдік әріптестерді Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістер құруға, ядролық энергетика саласындағы құзыреттерді беруге және отандық атомшы-мамандарды даярлауға тарту маңызды. Мұндай ұсыныстар ресейлік және қытайлық компаниялардан түсіп жатыр.

«Барлық келіссөздер позициясы Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескеру тұрғысынан мұқият пысықталып, келісілуі тиіс», – деді Тоқаев.

Бүған дейін Қазақстандағы үшінші атом электр станциясына «Болашақ» атауын беру ұсынылған еді. Елдегі бірінші АЭС-тің атауы – «Балқаш». Екінші «Мойынқұм» атом электр станциясы да Балқаш көлі маңында салынады.

Сондай-ақ оқыңыз