Президент жолдауы: Құрылтай отырысы басталды

Жарияланды
Құрылтай отырысында президент халыққа жолдауын жариялайды / фото: Ақорда

Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен құрылтай отырысы басталды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Құрылтай отырысын төраға Айбек Дәдебай ашты. Бүгін президенттің халыққа жыл сайынғы жолдауы жарияланады. Қазақстан халқына жолдаудың тақырыбы: «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері».

Іс-шараға құрылтай депутаттары, үкіметтің және Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауының тікелей эфирін мына жерден көруге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр қыркүйектегі жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбына арналған.

Сондай-ақ оқыңыз