«Самұрық-Энергоның» бірнеше рет ескерту алған басшысы қызметінен босатылды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
«Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен босатылды
«Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен босатылды / фото: «Самрук-Энерго», Shutterstock

«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов лауазымынан айырылды. Оның жұмыстан босатылуы туралы шешімді «Самұрық-Қазына» қоры қабылдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Шешімге компанияның маңызды инвестициялық жобаларды баяу жүргізгені және жаңа электр станцияларының құрылысын өз уақытында бақыламағаны себеп болды.», – деп хабарлады акционерлік қоғам өкілдері.

Еске сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Мақсұтовқа баяндаманы тым созып жібергені үшін ескерту жасалған болатын, ал үш ай бұрын ол Алматыдағы 3-ЖЭО құрылысының баяу қарқыны үшін сынға ұшыраған еді.

Босаған лауазымға кімнің келетіні әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Қайрат Мақсұтов 2023 жылдың маусымында «Самұрық-Энерго» басшысы лауазымына тағайындалған еді.

Оқи отырыңыз: Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты

Сондай-ақ оқыңыз