Шымкенттегі бес қабатты үйде өрт шығып, бүлдіршін құтқарылды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Шымкенттегі бес қабатты үйде өрт шығып, бала құтқарылды / Фото: ТЖМ

Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде электр щиттері өртенді. Түтіннің қатты шығуына байланысты құтқарушылар ғимараттан 9 адамды, соның ішінде 5 баланы сыртқа шығарды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратына сүйенсек, оқиға Қалдаяқов көшесінде орналасқан бес қабатты үйде болған. Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері электр сымдарындағы өртті сөндіруге және тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

«Оқиға салдарынан бір бала құтқарылды, тағы 8 адам, соның ішінде төрт бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласы маңындағы Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округінде бір қабатты қойма өртенген еді.

Сондай-ақ оқыңыз