Ұлттық электр операторы таза пайдасын екі есе арттырған

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
БРК и ЕБРР предоставят кредиты на поддержку объединения энергосистемы Казахстана
Компания таза табысы артты /kegoc.kz, бильд-редактор: Милош Муратовский

Ұлттық электр операторы – KEGOC компаниясы 2026 жылдың 9 айында таза пайдасын екі есе арттырған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры таратқан ақпаратқа сәйкес, қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов KEGOC компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ұлттық оператор 84,3 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

«Директорлар кеңесі екі стратегиялық жобаның іске асырылуына ерекше назар аударды. Олар: Оңтүстік аймақтың электр желісін күшейту және Батыс Қазақстанның энергетика жүйесін елдің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру жобалары. Екі жоба да белгіленген мерзімнен бұрын жүзеге асырылып жатыр. Оларды 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Аталған бастамалар электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді», – делінген хабарламада.

Табыс өскеніне қарамастан, магистральды электр беру желілерінің басым бөлігі тозып кеткен. KEGOC компаниясының қаржы есебінде 220-500 кВ желілерінің біршама бөлігі пайдалану мерзімін аяқтағанын немесе таяу жылдары аяқтайтынын ашық мойындаған.

Осыған байланысты компанияның 2021-2026 жылдарға арналған 274,760 млрд теңгелік инвестициялық бағдарламасының қаржысы 314,345 млрд теңгеге дейін артқан.

2026 жылдың 6 айында 54,6 млрд теңге таза пайда тапқан оператор әр жай акцияға 81,25 теңгеден дивиденд төлеген. Акционерлерге жалпы 22,4 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ оқыңыз