Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жаңа бағыт пайда болады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: Делия Айдаралиева, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алматының Алмалы ауданында Қарасай батыр көшесінің бойындағы аллеяны абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба нәтижесінде қала орталығындағы бірнеше сквер, соның ішінде «Қарағайлы» саябағы жаяу жүргіншілер жолы арқылы жалғанады деп жазады Kursiv Media.

Аллеяны жаңарту жұмыстарының алғашқы кезеңі 2025 жылы аяқталған. Ол кезде Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі аумақ ретке келтірілді. Биыл жұмыстар Наурызбай батыр көшесінен Масаншы көшесіне дейінгі 500 метрден астам учаскеде жүргізіліп жатыр.

Жобаның негізгі міндеттерінің бірі – бұрын мейрамхананың жазғы террасасы орналасқан жердегі жаяу жүргіншілер жолын қайта ашу. Әкімдікпен келіссөздерден кейін мекеме иелері жүргіншілердің еркін қозғалысына кедергі келтірген құрылымды алып тастаған. Енді тұрғындар бұл аумақтан айналып өтпей, аллея бойымен тікелей жүре алады. Бұл әсіресе мүмкіндігі шектеулі адамдарға, егде жастағы тұрғындар мен балалар арбасын пайдаланатын ата-аналарға қолайлы. Босаған жерде күрделі құрылыс салу жоспарланбаған.

Абаттандыру аясында 3,5 мың шаршы метр аумаққа тас төселіп, көшені жарықтандыруға арналған 105 бағана мен 25 орындық орнатылды.

Келесі кезеңде аллеяны көгалдандыру көзделген. Мұнда ірі ағаш көшеттері мен 8 мың бұта отырғызылып, 9 мың шаршы метр жерге көгал төселеді. Сондай-ақ тамшылатып суару жүйесі орнатылады.

Оқи отырыңыз: Алматыда LRT құрылысына байланысты екі көше ішінара жабылады

Сондай-ақ оқыңыз