АҚШ-тың Ирандағы соғыс шығыны 47 млрд доллардан асты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
АҚШ Иран США накажут пошлинами все страны, продолжающие бизнес с Ираном. US Iran
АҚШ-тың Ирандағы соғыс шығыны 47 млрд доллардан асты / Фото: Shutterstock

АҚШ-тың Иранға қарсы әскери науқаны ел бюджетіне ауыр салмақ түсіріп жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Пентагонның АҚШ Конгрессіне ұсынған соңғы есебіне сәйкес, соғыс шығындары 16 қазандағы жағдай бойынша 47,1 млрд долларға (шамамен 21,5 трлн теңге) жетті. Бұл қыркүйек басындағы көрсеткіштен 3,5 млрд долларға көп.

Атап айтқанда, 29 млрд доллар – Patriot мен THAAD сияқты зениттік кешендерге арналған зымырандар мен оқ-дәрі қорын толықтыруға, 11,9 млрд доллар – жедел операциялық шығындарға, 6 млрд доллардан астам – жоғалтқан әскери техника мен ұшақ, дрон шығындарын өтеуге бағытталған.

Мұның ішіне Иран соққыларынан Таяу Шығыстағы АҚШ базаларына келтірілген шығындар кірмеген. Ресми мәліметке сай, қақтығыс басталғалы 21 американдық әскери қаза тауып, 865-і жараланған.

Шығындардың өсуі 3 қарашаға жоспарланған Конгресске аралық сайлау қарсаңында ішкі саяси дауды ушықтырды. Демократтар Дональд Трамп әкімшілігін қаржылай шығындар мен соғыстың аяқталу мерзімі белгісіз болғаны сынады. Сондай-ақ, Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының шектелуіне байланысты АҚШ-та дизель отынының бағасы дерлік екі есеге қымбаттады.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ Иранға қатысты санкциялар тізіміне Кубаның бір банкін, сондай-ақ тағы 10 заңды және 16 жеке тұлғаны енгізген еді.

Сондай-ақ оқыңыз