Атырауда өртеніп жатқан үйден жеті адам құтқарылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Атырауда өртеніп жатқан үйден жеті адам құтқарылды / Фото: ТЖМ

Атырауда көппәтерлі тұрғын үйде шыққан өрт кезінде жеті адам аман құтқарылды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қаладағы Әуезов көшесіндегі бес қабатты үйдің екінші және үшінші қабатындағы балкондар отқа оранған. Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, жеті адамды, соның ішінде бір баланы құтқарды. 

Тілсіз жау қысқа мерзімде толығымен ауыздықталды.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде электр щиттері өртенді. Түтіннің қатты шығуына байланысты құтқарушылар ғимараттан 9 адамды, соның ішінде 5 баланы сыртқа шығарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз