Дана Медеуова «Қазақстан балалары» депутаттық тобының жетекшісі болды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Құрылтай депутаты Дана Медеуова «Қазақстан балалары» депутаттық тобының жетекшісі болды. Бұл туралы Құрылтайдың баспасөз қызметі хабарлады. 

Дана Медеуова Орталық Азия елдерінің бала құқықтары жөніндегі уәкілдерінің «Балалар үні: ұлттық стратегиялар және қауіпсіз цифрлық орта» ІІ халықаралық форумында сөз сөйлеген. 

Ол балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуде депутаттық топ жұмыс істейтінін жариялады.

«Біздің мақсатымыз – балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулығы мен тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелерін заң шығару қызметінде басты назарда ұстау», – деді Медеуова.

Бұған дейін Дана Медеуова денсаулық сақтау саласындағы мәселелерге қатысты депутаттық сауал жолдап, медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен құқықтарын заңмен бекітуді ұсынды. Айтуынша, медицина маманы кәсібіне қатысы жоқ есеп-қисап пен құжат толтыруға уақыт жұмсамай, негізгі жұмысына науқасты емдеуге көбірек көңіл бөлуі керек.

Сондай-ақ оқыңыз