ҰҚК-ның бұрынғы қызметкеріне шыққан үкімнің күші жойылды 

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
сот
Фото: Shutterstock

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент бойынша департамент басшысының бұрынғы орынбасары Манат Сарбасовқа шыққан үкімнің күші жойылды.

Сарбасов 2025 жылдың қазанында  12 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол «пара алу», «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру» және «қызметтегі әрекетсіздік» бабымен кінәлі деп танылған. Сарбасов подполковник шенінен айырылып, сотталғаннан мемлекет есебіне 70 млн теңге өндірілді.

Адвокат Жасұлан Асылбековтің хабарлауынша, қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот Манат Сарбасовқа шыққан үкімнің күшін жойды.

«2026 жылдың 28 қазанында Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот Шымкент қаласы ҰҚК департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасовқа шыққан үкімнің күшін жойды», – деп жазды адвокат. 

Сарбасовпен бірге Ерлан Тышқанбаев, Темірхан Варзилов, Шыңғыс Жаңабаев пен Айдос Срайлов та сотталған еді. Сол кезде үкімге 12 жылға сотталған Манат Сарбасов пен 7 жылға сотталған Шыңғыс Жаңабаев шағым түсіретінін айтқан. Істегі қалған азаматтардың бас бостандығы бір жылға немесе жеті жылға шектелген.

Сондай-ақ оқыңыз