Жеті баласы бар шымкенттік әйел 20 жылдан соң ақ көйлек киіп, той жасады

Жеті баласы бар шымкенттік әйел 20 жылдан соң ақ көйлек киіп, үйлену тойы өтті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Жұбайы екеуі фотосессия жасап, бақытты сәттерін бейнежазбаға түсірген. Әлеуметтік желіде thai_sayakz никнеймімен танымал шымкенттік әйел ақ көйлек киюды армандаған, алайда тойы болмаған қыздарға қызық кеңес берді.
«Жеті баламен де тұрмысқа шығып, ақ көйлек киюге болады екен. Осыдан 20 жыл бұрын біз үйленген кезде біздің тойымыз болмаған еді. Ақ көйлек кию арман болатын. Ақшаң болса, 20 жылдан кейін де арманыңды орындауға болады екен», – деді ол.
Шымкенттік әйелдің пікірінше, ақ көйлек киіп, той жасамасаңыз да, осылай фотосессия жасап алуға да мүмкіндік бар. Сондықтан арманға қол жеткізуге ешқашан да кеш болмайды.
Оқырмандар жарасымды жұп екенін айтып, бақыт тілеп жатыр.
Айта кететін жайт, желіде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айманның ақ көйлек киіп түскен видеолары мен суреттері тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен еді.