ӘМСҚ ауруханалар мен емханаларға 2 трлн теңгеге жуық қаржы аударды

Жарияланды 30 Қазан 2026 09:45

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General news бөлімінің аға журналисі a.serikkhan@kursiv.media
Олеся Бассарова

Олеся Бассарова

General News бөлімінің тілшісі
1905 медициналық ұйымның 1897-сіне төлем жасалды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова
ӘМСҚ медициналық ұйымдарға қаржы аудару жоспарының 67%-ын орындады / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Жыл басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға көрсетілген қызметтер үшін және аванс ретінде шамамен 2 трлн теңге аударды. Осылайша, жылдық қаржыландыру жоспарының 67%-ы орындалды.

Қордың мәліметінше, 2026 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша медициналық ұйымдарға аударылған қаражаттың 1,2 трлн теңгеден астамы халыққа көрсетілген медициналық қызметтерді төлеуге бағытталған. Тағы 806,9 млрд теңге медициналық ұйымдарға аванс ретінде берілген.

«Төлемге жалпы сомасы 1,691 трлн теңгені құрайтын актілер қабылданды», – делінген хабарламада.

Қаржыландыру қарқыны артқан

Аванстық төлемдерді қоса есептегенде, жылдық бюджет 67%-ға игерілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен жоғары. Ол кезде жоспардың 63%-ы орындалған.

Қордың хабарлауынша, жыл ішінде қаржыландыру қарқынына нормативтік базаның жаңартылуы, деректерді беру процестері және Денсаулық сақтау министрлігінің электрондық жүйелерінің техникалық дайындығы әсер еткен.

Қаржы бөлу тәртібі өзгереді

Қаражат бөлудің ашықтығын арттыру үшін Қор медициналық көмектің көлемін қайта бөлуді алгоритмдер арқылы жүзеге асыруға көшкен. Бұл ретте адами фактор толығымен алынып тасталған.

Сонымен қатар ауруханаларға негізгі бағыттар бойынша белгіленген қаржыландыру лимиттерін қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл медициналық ұйымдарға кредиторлық берешегін өтеуге және жоспарлы түрде емделетін науқастар санын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесінде арнайы бөлім іске қосылған. Ол арқылы клиникалар төлемдердің мәртебесін, кешігу себептерін және техникалық жұмыстардың кестесін нақты уақыт режимінде бақылай алады.

Тағы да оқыңыз: Павлодарда емханадағы заңсыз медициналық қызметтер тергеліп жатыр

Сондай-ақ оқыңыз