Алматы көшесінде түлкі жетектеп жүрген екі адам тұрғындардың жағасын ұстатты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алматыда ер адамның қарғыбауға байланған жирен түлкіні серуендетіп жүргені видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Бейнежазбада ер адам мен әйел адамның бір ит пен түлкіні қала көшелерінде жетектеп жүргені көрінеді.

Halyqstan ақпаратына қарағанда, заң бойынша, кәдімгі жабайы түлкілерді үй жағдайында ұстауға тыйым салынған. Алайда арнайы аң өсіру шаруашылықтарында өсірілген жануарларға бұл шектеу жүрмейді екен. Арнайы өсірілген түлкіні қажетті ветеринариялық құжаттары болған жағдайда үйде ұстауға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ мұндай жануарларды серуендетуге де тыйым салынбаған. Дегенмен, иелері айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті аумақтық инспекцияға құқық қорғау органдарымен бірлесіп, осы жағдайды тексеруді тапсырған.

Айта кететін жайт, елімізде аңшылыққа қатысты жаңа бұйрық қабылданды. Онда түлкі лимиттелмейтін түрге жатқызылған.  

Сондай-ақ оқыңыз