Қазақстан тамаққа ең көп қаржы жұмсайтын ТОП-10 елдің қатарына кірді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қазақстан тамаққа ең көп қаржы жұмсайтын ТОП-10 елдің қатарына кірді / Фото: Shutterstock

Қазақстан үй шаруашылығы бюджетіндегі азық-түлік шығындары ең жоғары елдердің ондығына енді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің (USDA) деректеріне негізделген зерттеуге сәйкес, елдегі отбасылар табысының басым бөлігі тамаққа кетеді. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, халықтың білімге, медицинаға, демалыс пен жинаққа қаржы бөлу мүмкіндігі соғұрлым азаяды.

Елдер бойынша көрсеткіш:

  • Ең жоғары шығын: Нигерия (59,2%), Мьянма (54,8%), Лаос (53,9%).
  • Қазақстан: 42% (дамитын елдер тобында).
  • Көршілес елдер: Өзбекстан – 45%, Әзербайжан – 37,6%, Беларусь пен Грузия – 31%-дан, Ресей – 26%.
  • Дамыған елдер: Сингапур – 6,3%, АҚШ – 6,4%, Ұлыбритания мен Швейцария – 10%-дан аз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтардың азық-түлік себетінде ең көп үлес ет өнімдеріне тиесілі – 33,2% (айына орташа есеппен 61,2 мың теңге). Екінші орында нан мен жарма өнімдері (14,2%), ал үштікті сүт өнімдері (9,9%) түйіндейді.

Сондай-ақ оқыңыз