Қостанайда бес жасар баланың өліміне қатысты іс тергеліп жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Қостанайда бес жасар баланың өліміне қатысты іс тергеліп жатыр / Фото: Shutterstock

2026 жылғы 26 қазанда Қостанай облысының Құсмұрын кентінде пәтерде басы мен денесінен ауыр жарақат алған бес жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, полиция күдіктіні сол күні ұстаған. Сот оны қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады.

Әулиекөл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктінің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің «Жас баланы өлтіру» бабы бойынша сараланып отыр. Бұл бап бойынша қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Істің тергелуі облыстық прокуратураның ерекше бақылауына алынды. Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де егжей-тегжейлері жария етілмейді.

Айта кетейік, осыған дейін Петропавлда 13 жастағы қызға қорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз