Қытайдан Польшаға бара жатқан пойыздан мыңдаған ноутбук ұрлағандар сотталды

Қазақстан арқылы Батыс Еуропаға бағыт алған жүк контейнерлерінен ноутбуктер мен ойын приставкаларын ұрлаған төрт адам сотталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады Kursiv Media.
Тергеу мәліметінше, Абай облысының төрт тұрғыны жүк пойыздарының контейнерлеріне бірнеше рет заңсыз кіріп, қымбат техника ұрлаған.
Қылмыс 2025 жылдың мамыр айында Жетісу облысындағы Торпалды станциясында Қытайдан Польшаға бара жатқан пойызда болған. Контейнерден 1 019 ноутбук ұрланған. Қолды болған техниканың бір бөлігі Алматыда сатылған. Келтірілген жалпы шығын 633 млн теңгені құрады.
Жетісу облысы Алакөл аудандық соты төрт адамды аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оларға 6 жыл 7 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Оқи отырыңыз: Алматыда мешітте ұрлық жасаған ер адам камераға түсіп қалды