Таразда жүргізуші алдыңғы есігі жоқ көлікпен жүрген

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Таразда жүргізуші алдыңғы есігі жоқ көлікпен жүрген / Фото: Polisia.kz

Таразда полицейлер алдыңғы есігі жоқ автокөлікті басқарған жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Polisia.kz ақпаратына сүйенсек, сол жақ алдыңғы есігі жоқ Volkswagen автокөлігі Төле би даңғылымен қозғалған. Белгілі болғандай, бұл көлік ұзақ уақыт бойы бір орнында тұрған. Жүргізуші оны техникалық қызмет көрсету станциясына апармақ болып, эвакуатор шақырудың орнына өз бетінше айдап баруды жөн көрген.

Тәртіп сақшылары «желмен жарысқан» ер адамды тоқтатып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Полиция департаменті ақауы бар автокөлікті жөндеу орнына қауіпсіз жолмен жеткізу керектігін ескертеді. Егер көлік қауіпсіздік талаптарына сай болмаса, өзіңізге және өзгелерге қауіп төндірмей, эвакуатор қызметін пайдаланған жөн.

Айта кетейік, осыған дейін Семейдегі аспалы көпірде жарысқан жүргізушілер жауапқа тартылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз