Toyota мен Waymo жүргізушісіз такси қызметін іске қосады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
The Road to Autonomy, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Toyota Motor Corporation мен Waymo автономды көлік технологияларын дамыту үшін ынтымақтастығын кеңейтпек, деп хабарлайды Kursiv.media.

Toyota мәліметінше, компаниялар 2027 жылы Жапонияда Toyota bZ4X негізіндегі жүргізушісіз таксилерді сынақтан өткізіп, пайдалануға енгізуді жоспарлап отыр.

Автономды көлік неге керек?

Жоба аясында көліктер Toyota-ның Айти префектурасындағы Такаока зауытында құрастырылады. Автокөліктерге Waymo-ның толық автономды басқару жүйесі орнатылады.

Алдағы жылдары қызмет Waymo жұмыс істейтін басқа нарықтарға, соның ішінде Ұлыбританияға да кезең-кезеңімен енгізілмек.

Toyota мен Waymo серіктестігі автономды көліктердің қауіпсіздігін арттырып, жол-көлік оқиғаларын азайтуға және қозғалысы шектеулі адамдардың еркін қатынауына мүмкіндік беруді көздейді.

Қандай артықшылығы бар?

Жаңа Toyota bZ4X жолаушыларға жайлылық жасауға да басымдық береді. Автокөлік кең артқы орындықтармен, автоматты есіктермен және жолаушылардың міну-түсуін жеңілдететін қосымша жабдықтармен қамтылады.

Waymo компаниясының тең бас директоры Дмитрий Долгов Toyota-мен серіктестік автономды жүргізу технологияларын әлемдік нарыққа кеңінен таратуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Waymo технологиясы қолданылатын аймақтарда ауыр соқтығысулардан болатын жарақат алу қаупі адам басқаратын көліктермен салыстырғанда 20 есе төмен.

Технология қауіпсіз болуы тиіс

Ал Toyota-ның атқарушы вице-президенті Хироки Накадзима қауіпсіздік технологиялары қоғамға кеңінен қолжетімді болғанда ғана нақты пайда әкелетінін айтты.

Компаниялардың басты мақсаты – автономды көлік технологияларын дамыту арқылы жол қауіпсіздігін арттырып, баршаға қолайлы әрі еркін қозғалыс мүмкіндігін қалыптастыру.

Айта кететін жайт, Toyota Racing өндірушілер арасындағы чемпионатта жеңіске жеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз