Жаңаөзенде мұнай өнімдерін заңсыз тонналап сатқан адам ұсталды

Жарияланды
Ер адам төрт тонналық ыдыспен мұнай сатқан/ kursiv.kz

Жаңаөзенде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы тоқтады. Операция барысында бір адам ұсталып, төрт тонналық ыдыс тәркіленді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Полиция департаментінің мәліметінше, жедел іс-шараны ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы бөлімше жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген.

Тексеру Жаңаөзендегі Рауан шағын ауданының өнеркәсіптік аймағында орналасқан жеке базалардың бірінде өткен. База аумағынан мұнай өнімдері құйылған төрт тонналық ыдыс табылып тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тәркіленген мұнай өнімдерінің шығу тегі мен оқиғаның өзге де мән-жайы анықталып жатыр.

Тағы да оқыңыз: Заңсыз мұнай сатқан қазақстандық Дубайда ұсталды

Сондай-ақ оқыңыз