2027–2028 жылдары әскерді тамақтандыратын компаниялар конкурс арқылы таңдалады
Жарияланды

Қорғаныс министрлігі 2027–2028 жылдары Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамын тамақтандыру қызметтерін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізуді жоспарлап отыр.
Министрліктің мәліметінше, сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес, ашық конкурс тәсілімен жүргізіледі.
Конкурсқа қатысты барлық ақпарат, оның ішінде техникалық талаптар, сатып алу шарттары мен өтінім беру мерзімі мемлекеттік сатып алу порталында жарияланады.
Осылайша, әскерилерді тамақтандыру қызметін көрсететін компаниялар ашық конкурс арқылы анықталады.