Ақордада бірнеше кадрлық тағайындау болды

Жарияланды
Фото: Акорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның Марокко мен Кубадағы жаңа елшілері тағайындалды.

Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

Ал Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстанның Кубадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Елемесов Кубадағы елші қызметін 2022 жылдан бері атқарып келген. Бұған дейін ол Қазақстанның Италиядағы және Мексикадағы елшісі болған.

Бұған дейін, 13 қазанда Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы елшісі қызметінен босатылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз