Астанада әскери авиация ұшып, көлік қозғалысына шектеу енгізілмек

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Астана
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Астана тұрғындарына әскери авиацияның ұшатыны және көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетіні ескертілді, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді.

«Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуіне байланысты 2026 ж. 5-7 қарашада қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады», – делінген хабарламада.

Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.

Оған қоса, 1 қарашадан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген ақпаратта.

Айта кететін жайт, Астанада 10-14 қазан аралығында кейбір көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз