Польша елшісі Хэллоуинде қазақстандықтарды қалай қорқытып жүргенін айтты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
instagram.com/polonia_elshi, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Польша елшісі Михал Лабенда Хэллоуин мейрамында қазақстандықтарды қалай қорқытып жүргенін айтып берді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Өзінің айтуынша, қорқытудың бұл түрінің ешқандай баламасы жоқ. Теңдессіз десе де болады.

«Хэллоуин аясында мен сіздерге қорқыту тәсілім туралы айтып берейін. Мейрамханаға кіремін. Неғұрлым қымбат, сән-салтанатты болса, соғұрлым жақсы. Сосын қазақша мәзірді сұраймын. Сонда даяшылардың бетінде жазылған қорқынышына ешқандай баға жетпейді», – деді Михал Лабенда.

Хэллоуин – 31 қазанда аталып өтетін халықаралық мереке. Адамдар бұл күні елді қорқыту үшін барынша қорқынышты костюм мен бет-перде киіп жүреді.

Айта кететін жайт, мұның алдында Польша елшісі құрдас әйелге «апай» деген сөзі үшін қатты ұрыс естігенін мәлімдеген еді.  

Сондай-ақ оқыңыз