Тоқаев Алжир халқын ұлттық мейрамымен құттықтады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Аkorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Ақорданың ақпаратына қарағанда, Қазақстан президенті Тоқаев әріптесі Әбделмәжид Теббунды Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтаған.

«Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді», – делінген ақпаратта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне табыс, ал Алжир халқына құт-береке тіледі.

Мұның алдында Президент Испаниядағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз