Жаңбыр, қар, жел, үсік: 2 қарашаға ауа райы болжамы

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің аға журналисі
погода
фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Синоптиктер 2 қарашаға ауа райы болжамын жасады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Kursiv.media. 

Дүйсенбі күні елдің солтүстік, шығыс өңірлерінде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Алматы, Қызылорда облыстары мен Жетісу облысында 1-8 градусқа дейін күн суып, үсік жүруі мүмкін.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарының бірқатар аумағында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау және Жетісу облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі төтенше деңгейге жетеді.

Айта кететін жайт, 31 қазанда ауа райы 22 градусқа дейін жылы болатыны болжанған еді.

Сондай-ақ оқыңыз