Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірім құтқарылды

Алматыда Қарасай ауданында құтқарушылар тауда адасып кеткен екі туристі құтқарды деп жазады Kursiv Media.
Алдын ала мәлімет бойынша, 16 жастағы жасөспірім тауға жалғыз шыққан. Бастапқыда ата-анасымен сөйлескен, бірақ артынша байланыс үзілген. Геолокация деректері болмағандықтан іздестіру жұмыстары да қиындаған.
Құтқарушылар оны теңіз деңгейінен 4 317 метр биіктіктегі Сәтбаев шыңының солтүстік беткейінен тапты. Одан кейін жасөспірімді қауіпсіз жерге түсіру жұмыстары басталды.
Жоғалған екінші азамат, 18 жастағы жігіт те сол аумақтан табылды. Ол теңіз деңгейінен шамамен 3 800 метр биіктіктегі «Лунная поляна» шатырынан табылған. Туристің денесі суықтан тоңып, жеңіл дәрежеде үсік шалған.
Құтқару операциясын үйлестіру үшін Үлкен Алматы көлі аумағында жедел штаб құрылды. Адасқан жігіттерді табу үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 114 қызметкері жұмылдырылды. Операцияға «Қазавиақұтқару» әуе кемесі де тартылды.
Оқи отырыңыз: Шымбұлақта жоғалып кеткен Ресей азаматы құтқарылды