Алматыда жекеменшік үйден қарасора бақшасы табылды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
қарасора
Алматыда жекеменшік үйден қарасора бақшасы табылды / Фото: shutterstock

Алматы полициясы жекеменшік үйлердің бірінен 13 түп қарасора бұтасы мен кептірілген өсімдік затын тапты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Наурызбай ауданында 43 жастағы ер адамды ұстады.

«Үйді тінту кезінде 13 түп қарасора бұтасы мен кептірілген өсімдік заты бар қорап табылды. Сараптама тәркіленген есірткі құралының жалпы салмағы 10 килограмды құрағанын растады. Бұдан бөлек, ақшалай қаражат тәркіленді», – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің барлық мән-жайлары анықталуда.

Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысы Меркі ауданында «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 580 гектар қарасора жойылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз