АҚШ-та бортында жолаушылары бар ұшақ апатқа ұшырады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото:nypost.com

АҚШ-тың Флорида штатында Learjet 60 ұшағы Гринейкрс қаласындағы жылжымалы үйлер орналасқан елдімекенге құлады. Оқиға салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы Kursiv Media New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жеке джет Техас штатының Остин қаласынан Багам аралдарына ұшып бара жатқан. АҚШ Федералдық авиация басқармасының мәліметінше, әуе кемесінің бортында тоғыз адам болған.

Құлап бара жатқан ұшақ ағашқа соғылып, электр желілерін үзіп кеткен. Артынша тұрғын үйге соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде бір жылжымалы үй толығымен қираған.

BocaNewsNow басылымының жазуынша, ұшақ әуеде күрт оңға бұрылып, шамамен 2,4 мың метр биіктіктен жылдам төмендей бастаған. Бірақ апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.

Биыл жазда АҚШ-тың Техас штатында осыған ұқсас қайғылы оқиға болған. Ларедо қаласында бизнес-джет тас жолға құлап, өртенді. Борттағы алты адамның біреуі қайтыс болып, бесеуі ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ оқыңыз