Газ бағасы бір жылда 34,8%-ға өсті: тағы не қымбаттады

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: NY

Қазақстанда желі арқылы жеткізілетін газ бір жылда 34,8%-ға қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қазанда тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және өзге де отын түрлерінің бағасы былтырғы қазан айымен салыстырғанда 11,2%-ға өскен.

Газ қымбаттап, су бағасы төмендеді

Тұрғын үйді жалға алу ақысы бір жылда 17,4%-ға артты. Тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету, жөндеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтері 12,3%-ға қымбаттаған.

Коммуналдық тарифтер қаншалықты өзгерді?

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бағасының бір жылдағы өзгерісі · 2026 жылғы қазан

🏠
Тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері
+11,2%
🔑
Тұрғын үйді жалға алу
+17,4%
Инфляцияға үлесі: +0,292 п.т.
🔥
Тарату желілері арқылы тасымалданатын газ
+34,8%
Инфляцияға үлесі: +0,263 п.т.
🛠️
Тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету, жөндеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету
+12,3%
Инфляцияға үлесі: +0,151 п.т.
🧯
Сұйытылған газ
+9,9%
Инфляцияға үлесі: +0,017 п.т.
🛗
Лифт үшін төлем
+5,8%
Инфляцияға үлесі: +0,010 п.т.
🔔
Домофон
+9,3%
Инфляцияға үлесі: +0,016 п.т.
🏢
Тұрғын үйді күтіп ұстау және қызмет көрсету
+7,2%
Инфляцияға үлесі: +0,038 п.т.
🪵
Қатты отын
+6,1%
Инфляцияға үлесі: +0,044 п.т.
♨️
Ыстық су
+2,7%
Инфляцияға үлесі: +0,007 п.т.
🗑️
Қоқыс шығару
+3,3%
Инфляцияға үлесі: +0,010 п.т.
⚡
Электр энергиясы
+7,9%
Инфляцияға үлесі: +0,116 п.т.
🌡️
Орталықтан жылыту
+0,7%
Инфляцияға үлесі: +0,005 п.т.
🚰
Суды бұру
−0,8%
Инфляцияға үлесі: −0,001 п.т.
💧
Суық су
−1,7%
Инфляцияға үлесі: −0,009 п.т.
Көрсеткіштер коммуналдық қызметтер бағасының бір жылдағы өзгерісін көрсетеді. Пайыздық тармақ – әр қызметтің жалпы инфляцияға қосқан үлесі.
баға өсті баға төмендеді

Сұйытылған газ бағасы 9,9%-ға, домофон қызметінің ақысы 9,3%-ға, электр энергиясы 7,9%-ға өсті. Тұрғын үйді күтіп ұстау және қызмет көрсету ақысы 7,2%-ға, қатты отын бағасы 6,1%-ға, лифт үшін төлем 5,8%-ға көтерілді.

Қоқыс шығару қызметі 3,3%-ға, ыстық су 2,7%-ға, орталықтан жылыту 0,7%-ға қымбаттады. Ал суық су бағасы бір жылда 1,7%-ға, суды бұру қызметінің ақысы 0,8%-ға төмендеген.

Сондай-ақ оқыңыз